Білім беру стартапы ретінде компания құру. Тіркелген күні – 16 сәуір.
«Қазақша Wikipedia» жобасының жүзеге асуы. The Wikimedia of the Year марапатын алу.
Еуропа елдері мен Британияда кең қолданысқа енген, BBC-дің фильмдеріне негізделген, оқушылардың білімін жетілдіруге арналған twig-bilim.kz мультимедиалық порталының құрылуы.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мектеп бағдарламасын толық қамтитын анимациялық және бейнефильм, интерактивті электронды сабақтар, тренажерлар, симуляторлар, ойындар мен тесттер жинақталған BilimLand білім беру ресурсының негізін қалау. Бұл – 40 000 жеке сабақтан тұратын, Қазақстанда ғана емес, ТМД елдеріндегі электронды оқыту контентінің ірі алаңы. Жоғары сынып оқушыларын Ұлттық Бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындайтын iTest порталын іске қосу. Бұл қазақ, орыс тілдерінде 70 мыңға жуық сұрақ пен тапсырма ұсынылған бірегей база.
Қазақ тіліндегі кітап қорын, соның ішінде көркем және ғылыми әдебиеттерді цифрлы форматқа аударуға бағытталған ашық кітапхана Kitap жобасын бастау.
Google Translate аударма жүйесіне қазақ тілін енгізу жұмысының аяқталуы.
Педагогтарға арналған «Жаңашыл мұғалім» байқауын бастау және ұйымдастыру.
UNICEF Қазақстан және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психологиялық денсаулық ғылыми-практикалық орталығымен бірге Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу жалпыхалықтық бағдарламасын іске асыруды бастады. Алғашқы пилоттық жоба Қызылорда облысында жүзеге асты.
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының басталуы. 2017-2021 жылдар аралығында қазақ тіліне 100 оқулық аударылып, жалпы 1 000 000 дана таралыммен таратылды.
Мектепке дейінгі білім беру педагогтарына әдістемелік қолдау қолдау көрсететін BilimKids жобасының басталуы.
Білім саласына арналған мемлекеттік қызмет көрсету: халықты қабылдау, қызметкерлерді жұмысқа алу, мектепке дейінгі және орта білім беру, сондай-ақ техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының жұмысын автоматтандыратын SmartNation жобасының басталуы.
Қазіргі қазақ әдебиеті антологияларының БҰҰ-ның ресми 6 тіліне аударылып, әлемнің 93 еліне 120 000 дана таралыммен таралуы. Антологияны алған Франция Президенті Эммануэль Макрон бізге алғыс хатын жолдады.
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған BilimCenter цифрлы білім беру порталын ашу.
Online Mektep цифрлы білім беру платформасы жұмысының басталуы. Басты мақсаты – жалпы білім беретін мектептердегі оқушыларға онлайн режимде адаптивті оқу мүмкіндігін беру. Online Mektep жалпы білім беретін мектептердің типтік оқу бағдарламасына сәйкес 1-11 сыныптар аралығындағы барлық пән бойынша оқыту контентін қамтиды.
Абай Құнанбайұлының шығармаларын ағылшын, араб, қытай, испан, итальян, неміс, орыс, түрік, француз және жапон, жалпы әлемнің 10 тіліне аудару жобасы.
Педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру және оларды аттестацияға дайындау бойынша қызмет көрсететін Bilim-Ustaz платформасының құрылуы.
Өзбекстанда BilimLand өкілдігінің ашылуы.
Мемлекет-жеке меншік серіктестігі негізінде ескі ауыл мектептерін басқару және модернизациялау (инфрақұрылым, білім беру контенті) жобасын іске асыру үшін «ABAY MEKTEPTERI» қоғамдық қорының құрылуы.
Қазақ тілінде балаларға арналған кітаптар мен энциклопедияларды, мектеп оқушылары мен оқу орындарына арналған BilimBook компьютерлік техникасын сатып алуға болатын Bilimshop.kz онлайн-дүкенінің ашылуы.
500 мың сөз бен сөз тіркесінен тұратын Оксфорд сөздігін қазақ тіліне аудару жобасының аяқталуы. Сөздік орыс-ағылшын, ағылшын-орыс Oxford Russian Dictionary негізінде жасалды.